Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжар өңірінде “Сөз зергері-Сәбит” атты республикалық ақындар айтысы өтті

  • 18 маусым 2025
  • 138

Қызылжар өңірінде “Сөз зергері-Сәбит” атты республикалық ақындар айтысы өтті. Шара ұлы жазушының 125 жылдығына орай “Amanat” партиясының қолдауымен ұйымдастырылған. Дүбірлі додаға қатысушылар еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған.   Ақындар айтысы Сәбеңнің туған жері Жамбыл ауданында өтті.   

МӘДЕНИЕТ ИМАНЖАНОВ, СӘБИТ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ:

Сәбең менің әжеммен бірге өскен екен. 1947 жылы Сәбең ауылға келді. Ол кезде жағдайдың тым төмен кезі. сонда менің әжемді көріп еді. үстіндегі киімі шалағай болуы керек. Алматыға кеткеннен кейін бір жетіден кейін посылка келді. 5 метр сиса салып жіберіпті, көйлек тігіп ки деп.


Жыр додасының қорытындысы бойында бас жүлдені теріскейдің ақыны Жарқын Жұпархан иеленді. Ал бірінші орын қызылордалық Мұхтар Ниязов пен Қарағандыдан келген Мақсат Ақановқа бұйырды.  

РОЗА ШӘКЕНОВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ СҚОФ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

“AMANAT” партиясында ұлттық мұра деген жоба бар. Сол жобаның аясында біз ұлттық өнерді ұлықтау, насихаттауға басым көңіл бөліп отырмыз. Кешегі өткен айтыс соның айқын айғағы. Жылдың соңына дейін тағы екі шара өткіземіз деген жоспар бар. Оның бірі қыркүйек айында мемлекеттік тілге арналып өткізіледі және жыл соңында жыл қорытындысына арналған айтыс.