Атырауда батыстан соққан желдің екпіні күшеюде

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2025

Атыру облысында батыстан соққан желдің екпіні күшейюде. Жел екпінінің күшеюі «Ақжайық» резерватындағы өрт аумағының ұлғаюына және оны сөндіруге кедергі келтіруде.

«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, Пешной метеостанциясында бүгін сағат 08:00 –де батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 6 метр болған. Ал 19:00-де жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 30 м/с-қа жеткен. 

Қазіргі кезде өртеніп жатқан аумақта екпіні күшті желмен бірге шаңды дауыл соғып тұр. Қою түтіннен қызыл жалынды көру мүмкін емес. 

Сағат 18:00-дегі ақпарат бойынша қамыс өртенген аумақ 1510 гектарды құрады. 1460 гектардағы қызыл жалын өшірілді. Қазір жалғыз ошақ – шамамен 50 гектар жердегі өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін «Қазавиаспас» мекемесінің МИ-8 тікұшағы арқылы 12 тонна су төгілді. 

Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, өртті сөндіруге 150-ге жуық адам мен 50-ге тарта техника жұмылдырылған.