Жайық өзеніне секірді

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2025

Құтқарушылар әйелді Жайық өзенінен шығарды

Атырау қаласындағы орталық автокөлік көпірі ауданында, куәгерлер әйелдің айлақтан Жайық өзеніне секіргенін хабарлады.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел келіп, құтқару операциясына кірісті.

Әйелді судан уақытылы алып шығып, алғашқы көмек көрсетілді.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.