Сириялық қақтығыс 5-10 жыл ішінде реттелуі мүмкін. Осындай ойымен бүгін Астанада Мәскеу ұлттық университетінің саясаттанушысы Иван Сафранчук бөлісті.
Айтуынша, зерттеулерге сай локальді қақтығыстардың ұзақтығы шамамен 5-10 жылды құрайды. Осы уақыт аралығында соғыс өзі-өзімен тыйылады. Бірақ, ол үшін үшінші мемлекеттер араласпауы қажет, дейді сарапшы. Айта өтейік, 5 шілде күні Астанада Сирия қақтығысын реттеу бойынша 5-ші келіссөздер өтті. Келесі кездесу тамызға жоспарланып отыр.
Иван Сафранчук, саясаттанушы (Ресей):
Қақтығыс, өзгелер араласпаса, 5-10 жыл ішінде тынады. Бұл дегеніміз Сириядағы соғыс әлі 5-10 жыл жүреді. Статистикалық мәліметтер осыны көрсетіп отыр.