Жоғалған зейнеткер табылды

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2025

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінде үйінен шығып қайтып оралмаған 1948 ж.т. әйелді іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

Дабыл келіп түскеннен кейін бірден бірнеше километр радиустағы жерді іздестіру ұйымдастырылды. Жаяу топ, автокөлік және байланыс құралдары жұмылдырылды.

Құтқарушылар әйелді елді мекеннен шамамен 1 шықырым қашықтықта тапты. Оның жағдайы қанағаттанарлық, ол туыстарына берілді.