Марат Байқамұров жарыс жолын аяқтады

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2025

Қазақстан құрамасының атынан сынға түскен Марат Байқамұров дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады.

Ол 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалға дейін жетті.

Аталған кезеңде оның қарсыласы Әзірбайжаннан барған Олимпиада чемпионы, қазіргі әлем чемпионы Зелим Коцоев болды.

Коцоев жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, жеңіске жетті.