Қазақстанда енді 1 және 2 теңгелік тиындар шығарылмайды

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2025

Қазақстанда енді номиналы 1 және 2 теңге болатын тиындар шығарылмайды.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша,  шағын номиналды тиындарды шығаруға қосымша шығын кетуіне байланысты осындай шешім қабылданған.

"Оны шығару орынсыз екенімен келісеміз (1 теңгені - еск.), сондықтан негізгі жоспарымыз мынадай: ол айналымда бар, қала береді, бірақ қосымша шығаруды жоспарлап отырған жоқпыз. Сондай-ақ, бұл 2 теңгеге де қатысты", - деді Сүлейменов.

Ол айналымдағы тиындар алынбайтынын, алайда жаңаларын шығару тоқтатылатынын мәлімдеді.

"Айналымда, қалтамызда жүргендерді алып тастамаймыз. Бірақ жаңасына ақша жұмсамаймыз", - деп  Ұлттық банк басшысы.