Ақшасын үнемдеген зейнеткер есепшотындағы бар жинағынан айырылды

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2025

Зейнеткер ақшасын шипажайға жинап жүріпті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төлем алу үшін келгенде шотының бос екенін көрген. Әлеуметтік бөлімнің хабарлауынша, заңға сәйкес 3 ай бойы картадан ақша алынбаса, төлемдер уақытша тоқтатылады. Ал жинау үшін алдын ала өтініш беру қажет.

Қарт әйелге ешқандай ескерту жасалмаған, қоңырау шалынбаған, әлеуметтік қызметкер келмеген. Қазір мәселенің мән-жайы тексеріліп жатыр.