Павлодарда астан ұшынғандарға сальмонеллез диагнозы қойылды. Еске салайық, осыдан екі апта бұрын қыз ұзату тойына барған қонақтар жаппай астан ұшынған болатын. Ұзын саны 67 адам зардап шеккен. Оның 38-і ауруханаға жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастардың барлығы жазылып, үйлеріне шығарылды. Осы оқиғадан кейін той өткен мейрамханаға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде тойхананың ешқандай рұқсат құжатынсыз жұмыс істегені анықталды. Ал қызметкерлерінде санитарлық кітапшасы болмаған. Сол себепті мейрамхананың жұмыс істеуіне тыйым салынды.
ЖӘНІБЕК ШАЙМЕРДЕН, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Ас үй ыдысынан сальмонелла анықталды. Пісіруге арналған алтын түсті стафилокок анықталды. Сондай-ақ жабықтар мен ыдыс аяқтардан ішек таяқшасының бактериялар тобы анықталды. Сонымен қатар дайын өнімдерден сынама алынған еді. Дайын тамақ өнімдерінің нәтижелері бойынша жоғары бактериялық ұрықтану анықталды. Сондай-ақ патогендік флора, соның ішінде сальмонелла, алтын түсті стафилокок анықталды. Барлығы 10 сынамада сәйкессіздік анықталды.