Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутаттар "АгроХолдингБайқоныр" серіктестігінің жұмысына оң баға берді

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2017
  • 1828

Сыр бойының дихандары күріштен мол өнім жинауға ниетті. Алқаптарды аралаған Мәжіліс депутаттары да бұған көз жеткізді. Өнімді қабылдап, өңдейтін элеваторлар күзгі науқанға дайын. Депутаттар сондай-ақ «АгроХолдингБайқоныр» серіктестігіне ат басын бұрды. Мұнда сапалы тұқым дайындалады. 2015 жылы  82 миллион теңгеге Ресейдің Краснодар өлкесінен «Лидер», «Фаворит», «Янтарь» сорттарының тұқымы сатып алынған. Олар жергілікті шаруашылықтарда өсіріліп, диқандарды қамтамасыз етіп отыр. Зауыт орналасқан аумақта күріш ақтау, тұқым дайындау цехтары, дайын өнімдер қоймасы мен өндірістік  зертхана  жұмыс істейді.

Абзал Ералиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Гектарына берілетін субсидия қазір қалып тұр 18 мың теңге. Тұқымға берілетін субсидия көлемі өсті. Қазір 1 репродукцияға 91 мың теңге тоннасына беріледі, 98 мың теңге элита тұқымына беріледі.