Катонқарағайда адам көзіне сирек түсетін жыртқыш видеоға түсіп қалды

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2025
Фото: видеодан скриншот

Катонқарағай ұлттық паркінде адам көзіне сирек түсетін жыртқышты турист видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл туралы Ұлттық парк мәлімдеді.

- «Ирек» туристік экскурсиялық маршрутымен жүрген турист Аркадий Мамиев Катонқарағай ұлттық паркінің адам көзіне сирек түсетін жыртқышы — сілеусінді кездестірді. Табиғатқа құрметпен қарап, оның байлығын сақтайық, – делінген жазбада.