Найзағай, бұршақ, дауыл болады

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2025

2025 жылғы 21 маусымға арналған Қазақстан бойынша дауылды ескерту:

 Солтүстікте, орталықта және шығыста - найзағай, бұршақ, дауыл, 20-28 м/с дейінгі жел.

Оңтүстік өңірлер ыстықты, 20 м/с дейінгі желді сезініп, кей жерлерде шаңды дауыл мен найзағай болады.

 Батыс облыстарда найзағай, 20 м/с дейінгі жел күтіледі.

Сонымен қатар бүкіл ел бойынша төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.