44 адамды ТЖМ құтқарушылары эвакуациялады

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2025

Қызылорда қаласы Шұғыла шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйлердің біріне жапсарлас салынған дүкенінің жертөлесінде электр қалқанының, пластикалық бөліктің жануы орын алды. 

Құтқарушылар өрт сөндіру барысында баспалдақ маршымен 44 адамды, оның ішінде 17 баланы эвакуациялады. 

Өрт 9 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. 

ТЖМ тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салады!