Астанада Мәңгілік Ел және Түркістан көшелері уақытша жабылады

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2025

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұржол бульвары бойында жөндеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Осыған байланысты 21-22 маусым аралығында жол қозғалысында шектеулер болады: алдымен Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейін, сосын Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаске толық жабылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуын сұраймыз» - делінген хабарламада.