Бала биік ағашқа шығып кеткен

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2025
  • 188

Құтқарушылар балаға көмекке келді

112 пультіне Көкшетау қаласында 8 жасар бала биік ағашқа шығып, өздігінен түсе алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

 Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен ағаш басында отырған баланы қауіпті биіктіктен түсіріп ата-анасына тапсырды. 

Авариялық-құтқару жұмыстары барысында бала зардап шеккен жоқ.