Ақмола облысындағы «Макинск құс фабрикасында» өндіріс цехтарын жуу кезінде алты қызметкер хлор буына уланған.
Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, улануға жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының сақталмауы себеп болған.
Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілген.
«Макинск құс фабрикасының 24 жастағы жұмысшысы цехты хлормен жуу кезінде респираторлық маскасын өз еркімен шешіп тастаған. Кейін ол улану белгілерімен ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта фабриканың алты қызметкері осындай белгілермен емдеу мекемесіне жеткізілді», – делінген полия таратқан хабарламада.
Қылмыстық іс қозғалды