Павлодарда қалалық бассейн уақытша жабылады

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2025

Оған табиғаттың тосын мінез танытуы себеп болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

– Дауылды жел мен оның салдарына байланысты қалалық бассейн 20-22 маусым аралығында жабылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – деп хабарлады қалалық әкімдікте. 

Осы уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, суы ауыстырылады.