Лондонға бағыт алған ұшақ Атырау әуежайына шұғыл қонды

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2025

Алматыдан Лондонға бағыт алған ұшақ Атырау әуежайына шұғыл қонды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Atyrau Online сайтына сілтеме жасап.

"Air Astana" әуекомпаниясының Алматы-Лондон бағыты бойынша ұшқан ұшағы Атырау халықаралық әуежайына қонуға мәжбүр болды", – делінген хабарламада.

Әуекомпания мұның себебін түсіндірді.

"Air Astana" компаниясының бүгінгі KC663 рейсі (Алматы–Лондон) қарсы желге байланысты жүктеме шектеулерінің алдын алу үшін Атырауға қосымша қонып, жанармай құйып алды", – деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.