Трамп: «Иран мен Израильді татуластырдым».

Иран мен Израиль арасында атыс тоқтады. Бірақ бұл туралы Трамптан басқа ешкім білмейтін секілді. Себебі, екі ел әлі шабуылдарды тоқтатпады. Одан қалмай, Иран Катардағы АҚШ әскери базасына зымыран жіберген. Бірақ, Катар халқымен жау емеспіз, - дейді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты. 

Трамп екі елді татуластырды. Тіпті, бір-біріне зымыран жіберіп, шабуылдауды да тоқтатты, - дейді. АҚШ Президентінің айтуынша, сенбі күнгі АҚШ әрекетінен кейін, Иран өз ядролық бағдарламасынан бас тартты. 

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Екі ел енді бір-бірін атқыламайды. Осы келісімді бұзбаңыздар. 12 күнге созылған мұмдық аяқталды. 24 сағат ішінде бейбітшілік орнайды. Жағдайды тұрақтандыруға тікелей өзім атсалыстым. Әйтпесе, бейкүнә жандар өлетін еді.


Иран болса, Катардағы АҚШ әскери базасына шабуыл жасады.Дегенмен, бұл шабуылдарды толығымен Катардың Әуе Қорғанысы күштері тойтарған. Барлық ракеталарды ауада-ақ атып түсіріп, базаға жолатпады. Енді Катар Иранға қарымта қайтарамыз, - деп отыр.

ШАЙЕД АЛЬ-НАДЖРИ, КАТАР ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ:

Иранның Солтүстігі мен Солтүстік-Батысынан бағытталған зымырандар бізге ұшқанын дер кезінде радарларымыз байқап қалды. Біздің Әуе Қорғанысы кешендеріміз барлығын атып түсіріп, қауіптің бетін қайтарды. Енді Иранға лайықты жауап қайтарамыз.


Сонымен қатар, Иран Сириядағы АҚШ әскерилерінің позициясын атқылады деген ақпар шықты. Ондағы әскерилер де дер кезіндеқашып үлгеріп, зардап шекпеген.