Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сот органдарына түскен талап-арыз бен шағымдар 18,1 пайызға ұлғайған. Бұл азаматтардың сот жүйесіне сенімі артып келе жатқанын көрсетеді. Президент қабылдауында болған Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев осылай деді. Сонымен қатар, татуластыру рәсімін қолданушылардың да саны артқан. Мемлекетпен дау кезінде, азаматтардың құқығын қорғау көрсеткіштері жақсарған. Әкімшілік сотта қаралған мұндай істердің 57,8 пайызында үкім азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдасына шешілді. Кездесу соңында, Мемлекет басшысы, сот төрелігін қалыптастыру және шешімдердің сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.