Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда араның кесірінен қала тұрғыны аурухананың жансақтау бөліміне түсті

  • 25 маусым 2025
  • 64

Қызылжарда араның кесірінен қала тұрғыны аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Облыс орталығының 62 жастағы тұрғынын ала түсті жәндік шағып, науқастың қан қысымы күрт түсіп кеткен. Ізінше ол дереу дәрігерлерге хабарласып, жағдайының нашарлағанын хабарлады. Ақхалаттылар науқастың анафилактикалық шок жағдайына түскенін анықтап, оған дереу ем-дом шараларын жүргізген. Абырой болғанда, қазір зейнеткердің беті бері қарап, ол тез оңалып келеді.