Русский Сайттың толық нұсқасы

"Төменгі жалақыны көтеру керек, бірақ күрт өсіруге болмайды", - С. Жұманғарин

  • 25 маусым 2025
  • 94

«Көтеру керек, бірақ күрт өсіруге болмайды». Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдегі ең төменгі жалақыны 174 мың теңгеге дейін көтеру мәселесіне пікір білдірді. Сөзінше бұған байыппен бармаса, инфляцияны өршітіп алу қаупі бар. Себебі, жалақыны өсіру өндірістің шығындарын көбейтеді. 

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:


Тұтыну секторына қосымша ақша әкеледі. Бұл сұранысты арттырып, инфляцияға әсер етеді. Сондықтан бұл мәселеге өте байыппен келу керек. Ең төменгі айлықтың инфляцияға ұзақ мерзімде қалай әсер ететіні туралы есептер жоқ. Дегенмен кейбір сарапшылар әсері әрдайым болатынын айтады.