Мәулен Әшімбаев Сингапур парламентімен әріптестікті кеңейтуге шақырды

Мәулен Әшімбаев Сингапур президентімен және парламент спикерімен кездесті. Сенат төрағасының Сингапурге жасаған сапары аясында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылап, бірлесіп атқарған негізгі қадамдарға тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, Сингапур халқын алдағы тәуелсіздік күнімен құттықтады. Өз кезегінде Сингапур президенті Тарман Шанмугаратнам Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, екі ел арасындағы көпжақты әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Одан бөлек, Парламент төрағасы Сеа Киань Пэнмен кездесу барысында тараптар парламентаралық қатынастарды нығайту мәселелерін талқылап, сингапурлық компанияларды бірлескен жобаларға қатысуға шақырды. Ал Сеа Киань Пэн еліміздегі қоғамдық саяси өзгерістерді оң бағалап, барлық бағытта ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты. 

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазақстан мен Сингапур өзара құрметке, ортақ құндылықтарға және ұқсас ұстанымға негізделген берік әрі ұзақмерзімді серіктестік орнатты. 2023 жылы Сингапур Президенті Халима Якоб Астанаға келді. Бұл Сингапур Президентінің Орталық Азияға жасаған алғашқы сапары болды. Былтыр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сингапурға соңғы 20 жылда алғаш рет мемлекеттік сапармен келді. Бұл сапарлар біздің серіктестігімізді одан әрі нығайту жолында жоғары деңгейдегі өзара мүдде мен зор әлеуетті көрсетеді. Қазақстан Сингапур сияқты әлемдік және өңірлік ахуалдың ашықтығы мен теңгерімділігін қолдайды. Бұл құндылықтардың бәрі Сингапурға өте жақын екенін білеміз. Олар біздің бүгінгі және болашақтағы нәтижелі ынтымақтастығымыз бен өзара түсіністігіміздің негізі.


Сапар аясында қазақстандық делегация Сингапурдың маңызды инфрақұрылымдық және инновациялық нысандарымен танысты. Punggol Digital District цифрлық кластері мен Marina Barrage гидортехникалық нысандарын аралады.