Өскеменде апат салдарынан 350 абонент жарықсыз қалды

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2025

Өскеменде апат салдарынан Куленовка шағынауданында 350 отбасы жарықсыз қалды.

-Жарықтың сөндірілуіне жол бойымен жүргізілген жерасты кабельдерінің зақымдануы себеп болған. Бұл жағдай жөндеу жұмыстарын жүргізуге қиындық тудырды,-деп хабарлады  «Бірлескен энергосервис компаниясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел бригада жұмыс істеп жатыр.