Ыстық ауа райы демалыста да сақталады. Қазгидрометтің хабарлауынша, ауа температурасы 5-7 градусқа жоғары болады. Батыста 37-41 градустан жоғары. Оңтүстікте, оңтүстік шығыс пен оңтүстік батыс аймақтарында да ыстық ауа температурасы сақталады. Ол кейбір жерлерде 43 градусқа дейін жетуі мүмкін деген болжам бар.