Қазақстанда ұл балаларға вакцина салу қашан басталады

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2025
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басшысы Гүлнар Сарсенбаева ұл балаларға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрлік өкілі тілшімен әңгімесінде кейбір ата-аналардың адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаға қатысты қорқыныштарына жауап берді.

– Ең алдымен, алаңдауға қатысты айтар болсам – адам папилломасы вирусына қарсы вакцина қыз балаларда жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында енгізілді. Осыған байланысты былтырдан бастап жаңа екпе түрі қолданылуда. Қазір 12–13 жастағы балаларды вакцинамен қамту мәселесі күн тәртібінде тұр, – деді Сарсенбаева.
– Ұл балаларды вакцинациялау мәселесі де көтерілді. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. Қаржылық тұстарын пысықтау керек, сонымен қатар ата-аналар мен жұртшылыққа түсіндіру және ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу қажет. Жалпы, бұл – ерікті вакцинация. Ұл балаларға екпе егу келесі жылға жоспарланған. Осы аралықта барлық сұрақтарды жан-жақты қарастыру қажет. Қазір алғашқы кезеңде 12–13 жастағы қыз балаларға екпе егіп жатырмыз. Алдағы уақытта бұл жұмысты кеңейту жағын қарастырамыз, – деді Сарсенбаева.