ҚТЖ жыл соңына дейін бүкіл пойызға камера орнатады

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2025
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарда жолдағы қауіпсіздікті, жайлылық пен жедел әрекет етуді арттыруға бағытталған заманауи бейнебақылау және бейнесараптау жүйелерін енгізеді. Қазірдің өзінде ұлттық тасымалдаушыға қарайтын пойыздарда 4 мың камера орнатылған,  деп хабарлайды Astana TV.

«Бейне мұрағаттар ахуал орталығының экрандары арқылы қаралады. Осылайша мамандар жағдайды жедел бақылап, стандартты емес жағдайларды талдайды. Бейнекамералар ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға, заңбұзушылықтарды тіркеуге және вагонда қалып кеткен заттарды табуға мүмкіндік береді. Орнатылған камералардың арқасында пойыздардағы құқықбұзушылық 2024 жылмен салыстырғанда 21 пайызға төмендеп, жолаушылардың шағымдары 32% азайды және ұмытылған заттардың 91 пайызы иелеріне қайтарылды», - делінген хабарламада.