Екі қалада ауа сапасы нашарлайды

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2025
Фото: ашық дереккөзден

"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Astana TV.

2025 жылғы 27 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Петропавл, Жезқазған қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.