Астанада екі адам өрттен құтқарылды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2025

Астанада ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 2 адамды құтқарды.

- Алматы ауданында Тәуелсіздік даңғылы мен Ақыртас көшесінің қиылысында 2 қабатты дәмхананың бильярд бөлмесінен өрт шықты. Келген құтқарушылар өртті жедел түрде сөндіріп, баспалдақтың көмегімен ғимараттың шатыры арқылы дәмхананың 2 қызметкерін құтқарды. Ғимаратта болған адамдар өрт сөндірушілер келгенге дейін өздері далаға шыққан, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада. 

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.