Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда газель аялдамаға соғып, бір қыз ауыр жарақатпен емханаға жеткізілді

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2025
  • 68

Алматыда газель аялдамаға соғып, бір қыз ауыр жарақатпен емханаға жеткізілді. Жазатайым оқиға таңғы сағат 7-де Әуезов ауданында болды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған. Артынша жолаушылар тұрған бекетке соғылыпты. 

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

 
Аялдамада 2003 жылы туған бойжеткен тұрған. Ол дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген болатын. Оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері тергеуде.