Мемлекет басшысы Канаданың генерал-губернаторын құттықтады

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2025
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мейрам – Канада күніне орай Генерал-губернатор Мэри Саймонға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Astana TV.

Қазақстан Президенті бұл айтулы дата Канада жұртшылығының ынтымақ-бірлігін көрсететінін, сондай-ақ мемлекеттің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуге берік негіз қалайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы Генерал-губернатордың жауапты қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.