Мұндай қуанышқа жетісулықтар да кенелмек. Үкімет резервінен облыстың Үштөбе қаласындағы жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтауға 210 млн теңге бөлінді. 30 мың халқы бар шаһарды орталықтандырылған жылумен қамту «Жылыту орталығы» ЖШС-ның орталық қазандығы арқылы жүзеге асырылады. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 15,3 шақырым. Былтыр қалада жылу жүйесін жандандыру үшін қуаты сағатына 12 Гкал болатын блок-модульді газ қазандығы орнатылды. Жобаның құны 870 млн теңге. Қазір жұмыстардың 76 пайызы аяқталды. 1,7 шақырым жылу желілерінің 1,3 шақырымы тартылды. Қайта жаңғыртуды тамыз айына қарай толық аяқтау жоспарлануда.