Бүгін бір топ мәжіліс депутаты қарағандыдағы “ Кировская” кен орнының басшыларымен кездесіп, жұмысшылардың еңбек жағдайымен танысты. «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері өңірге еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік төлемдер, еңбекті қорғау, кәсіби біліктілікті арттыру секілді маңызды сұрақтарды талқылау үшін арнайы іс сапармен барды. Халық қалаулылары қаладағы «Киров» шахтасына бірінші рет келіп отыр. «Exim Artis» компаниялар тобының кәсіпорнында 650 адам жұмыс істейді. Көпшілігі әке жолын қуған жас азаматтар. Жұмыс орындары тұрақты. Кен орны соңғы жарты жылда 220 мың тоннадан астам көмір өндірген. Шахта тиісті қондырғылармен жабдықталған. Сондай- ақ жұмысшылар аймақтағы оқу орындарында біліктіліктерін арттыра алады. Айта кетейік депутаттардың ұсынысымен өткен жылдың қаңтарынан бастап зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеген азаматтарға 55 жастан бастап арнайы төлем енгізілген болатын. Бүгінде 15 мыңнан астам қазақстандық бұл мүмкіндікті пайдаланып, 55 жаста зейнетке кеткен. Оның 2 жарым мыңы қарағандылықтар.
ҮНЗИЛА ШАПАҚ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Жұмысшылардың, шахтерлардың қауіпсіздік мәселесін қарастырамыз. Сонымен қатар шахтерлардың тарапынан әлеуметтік жағдайына байланысты, сонымен бірге өздерінің кәсіби қызметтерінің біліктілігін арттыруға байланысты.