Бүгін жеті қалада ауа ластанады

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2025

"Қазгидромет" бүгін Қазақстанның жеті қаласындай жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Astana TV.

2025 жылғы 3 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.