ОҚПУ АРХЕОЛОГТАРЫ ЛЕЙДЕН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫМЕН БІРГЕ ҚАҢЛЫ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕП ЖАТЫР

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2025

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті археологиялық орталығы Нидерландтың Лейден университеті ғалымдарымен бірлесіп қазба жұмыстарын жүргізді. Халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясында Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылы маңында орналасқан Төлебайтөбе-2 қорымдары зерттелді.