Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Астана күніне орай музыкалық тарту әзірлеуде

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2025
  • 139

Астана күні қарсаңында елордада дәстүрлі «Әскери керней» атты XI әскери-музыкалық фестивалі өтеді. Іс-шара 2025 жылғы 5–6 шілде күндері қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, еліміздің күштік құрылымдарының үздік шығармашылық ұжымдарын біріктірмек.

Мерекелік бағдарлама 5 шілдеде басталады:
 сағат 17:00-де «Ғашықтар» саябағында;
 сағат 18:00-де Есілдің өзен трамвайында өтетін музыкалық қойылыммен (фестивальдің ерекшелігі ретінде);
 сағат 18:00-де «Жерұйық» және «Жетісу» саябақтарында жалғасады.
Мерекелік шаралар 6 шілдеде де жалғасады. Фестивальдің басты оқиғасы – сағат 16:30-да «Қазақ елі» алаңында өтетін Гала-концерт болмақ.Биыл елорданың сахналық және ашық алаңдарында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК Шекара қызметі және ІІМ Ұлттық ұланының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.
Фестивальдің басты қатысушыларының бірі – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Үлгілі-көрсетімді оркестрі. Оркестр кәсіби шеберлігімен және мазмұнды музыкалық бағдарламасымен көрерменнің ықыласына бөленіп келеді. Тек биылдың өзінде Ұлттық ұлан оркестрлері ел бойынша 5000-нан астам алаңда өнер көрсетті.
Айта кетейік, «Әскери керней» фестивалі әскери-музыкалық өнерді насихаттауға, әскер мен қоғам арасындағы мәдени байланысты нығайтуға және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған.
Барша елорда тұрғындары мен қонақтарын әскери оркестрлердің сүйемелдеуімен өтетін мерекелік концерттерге шақырамыз. Еліміздің басты мерекелерінің бірін бірге атап өтейік!