Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенатта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жеке қосалқы шаруашылықтың рөлі қаралды

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2025
  • 100

Сенатта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жеке қосалқы шаруашылықтың рөлі қаралды.

Комитет төрағасы Әли Бектаев жеке қосалқы шаруашылықтар ауыл экономикасын дамытуда, қала мен ауыл арасындағы теңсіздікті төмендетуде, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды мәселе екенін атап өтті.

«Жеке қосалқы шаруашылықтардың қызметін құқықтық нақты реттеудің болмағаны олардың мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізу мүмкіндігін едәуір шектейді. Бұл, менің ойымша, шаруашылықтардың өндіріс үдерістерін жаңғыртуға немесе озық тәжірибені енгізуге ұмтылмауына негізгі себептің бірі болып табылады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту мен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін меншік нысанына және қызмет ауқымына қарамастан, аграрлық сектордың барлық күш-қуатын іске қосу аса маңызды. Бұл іске жеке қосалқы шаруашылықтарды тартпаған кезде біз ішкі ресурстың едәуір бөлігін жоғалтып аламыз»,

 - деді сенатор.