Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенаторлар "Жасыл белдеу" жұмысымен танысты

  • 04 шілде 2025
  • 74

Сенат депутаттары Елордадағы «Жасыл белдеудің» бел ортасына барды. Қаланы таза ауамен қамтып отырған, жасанды орман қызметкерлерімен кездескен депутаттар қарапайым жұмысшылармен тілдесіп, жағдаймен танысты. Астана орманы мекемесінің басшылығы мен қызметкерлері жетістіктерімен бөліскенімен, проблемаларын да жасырып қалмады. Кейбір тұста көмек те сұрады. Сенаторлар өз кезегінде, аянып қалмайтындарын жеткізді. Бүгінде Елорда аумағында жасыл белдеуді қалыптастыруға арналған жұмыстар 20 жыл бойы жалғасып келе жатыр. Алда, бұдан да ауқымды жоспарлар бар.

БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Осы орман шаруашылығында жұмыс істеп жатқан мамандармен кездесіп, біраз мәселелермен таныстық. Оның ішінде: Материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, әртүрлі мемлекеттік сатып алуға қатысты мәселелер, оның ішінде жазғы және көктемгі жұмыстарға дайындық шаруалары және осы Астана орманын дамыту үшін Елордалық, Астана қонақтарын демалдыратын лайықты орынға айналдыру үшін үлкен стратегиялық жоспарлар бар.

АРДАҚ ХАСЕНОВ, «АСТАНА ОРМАНЫ» ЖШС БАС АГРОНОМЫ:

Міне, қазір біздің тұрған жеріміз – «Жасыл белдеудің» оңтүстік бөлігі. Мұнда 2023-і жылы отырғызылған жас көшеттерге күтім жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жас көшеттерді отырғызғаннан кейін біз 3 жыл суарамыз, түптейміз. Сол 3 жылдан кейін ары қарай өзін-өзі алып кетеді.