Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

  • 04 шілде 2025
  • 137

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы жастардың ұлттық өнерге деген құрметін жоғары бағалап, бұл үрдісті нағыз отаншылдықтың белгісі деп атады. Президент сондай-ақ дәстүрлі өнер өкілдеріне мемлекеттік марапаттар табысталғанын айтып, мәдениет саласын дамыту жалғаса беретінін жеткізді. Домбыра күнімен қатар, Астана күнін атап өтуге орай елордада түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады. Әлеуметтік желілерде #домбыракүні хэштегімен челлендж басталып, ұлттық өнерге қолдау көрсетіп жатқан қазақстандықтар қатары артып келеді.