Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде өз бетінше емделмей, дереу дәрігерге хабаДенсаулық сақтау министрлігі шетелде инфекциялық аурулардан қалай сақтануға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Туристік сапарлардың өсуіне байланысты Қазақстанға жат қауіпті инфекцияларды елге әкелу қаупі артады», - деп мәлімдеді ведомство.
Ылғалды климатқа және тропикалық аурулардың жоғары концентрациясына байланысты қауіпті өңірлер:
- Африка,
- Оңтүстік Америка,
- Оңтүстік-Шығыс Азия.
Жұқтыру жолдары:
- Ластанған су және тамақ,
- Масалардың шағуы,
- Науқастармен байланыс,
- Жыныстық жол.
Инфекциялардан қалай сақтану керек
Тырысқаққа қарсы (Үндістан, Африка, Йемен және т. б.):
- Күмәнді сападағы суды ішпеу,
- Тек бөтелкедегі/қайнатылған суды ішу,
- Көкөністерді/жемістерді жуып, қайнаған су құю,
- Дәретханадан кейін, тамақтанар алдында және т. б. қолды сабынмен жуу.
Безгекке, Денгеге қарсы және т. б. (Африка, Азия, Латын Америкасы):
- Жабық киім кию,
- Репелленттерді қолдану,
- Москит торларын қою,
- Фумигаторлар мен аэрозолдерді қолдану.
Фактілер мен статистика:
- 17 өткізу пункті санитариялық-карантиндік бақылаумен қамтамасыз етілген,
- күн сайын ҚР шекарасынан 50 000 адам өтеді,
- 5 айда: 2,6 миллион адам,
- температурасы бар 43 жолаушыға көмек көрсетілді.
Сапар алдындағы кеңестер:
- Баратын елдегі эпидемиологиялық жағдайды зерттеңіз,
- Дәрігерден профилактикалық консультация алыңыз,
- Жолға негізгі қорғаныс жиынтығын алыңыз.