Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ашық аспан астында Dombyra Party өтті

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2025
  • 120
Фото: BAQ.KZ

Астана күні мен Ұлттық домбыра күні қарсаңында елорданың Нұржол бульварында дәстүрлі Dombyra Party іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараны блогер Алмас Алтай қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен өткізді. Мақсаты – ұлттық болмысты нығайту, жастардың дәстүрлі мәдениетке қызығушылығын ояту және ұрпақтар сабақтастығын қолдау.

Ашық аспан астындағы сахнада домбырамен күй, терме, эпостық жырлар мен халық әуендері орындалды. Шараның ерекшелігі – кез келген адам дайындық деңгейіне қарамастан сахнаға шығып, домбырамен өнер көрсете алды.

Домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес, ол халқымыздың шынайы тарихы. Ол дала рухын, ата-бабамыздың даналығын, қазақ сөзінің қуатын жеткізеді. Мұндай шаралар ұлттық сана менмәдениетке деген құрметті қалыптастыруда үлкен рөлатқарады. Әсіресе, жастардың терме, күй, жыр, дастанға қызығушылық танытып жатқаны қуантады. Бұл дәстүрдің жалғасып жатқанын білдіреді, – деді Есіл ауданы әкімінің кеңесшісі Құралай Слямбекова.

Dombyra Party алғаш рет былтыр тамыз айында, Абай күні өткен болатын.

Ол кезде біз бұл форматтың күй мен әнорындауға ғана емес, поэзияға да лайық екенін түсіндік. Содан бері бұл бағытты дадамытып келеміз: қатысушыларға патриоттық тақырыпта – Қазақстан, Отан, тіл, Астана туралы өлеңдер оқуды ұсынамыз, – деді блогер Алмас Алтай.

Оның айтуынша, кеште текбір ғана музыкалық аспап – домбыра қолданылған. Алайда әр қатысушы өзінше ерекшеленді: бірі домбырамен заманауи хиттерді орындаса, енді бірі дәстүрлі халық әндерін тарту етті.