Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадағы Арыс көпірі жартылай жабылады

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2025
  • 131
Фото: 2gis

7 шілдеден 16 шілдеге дейін Астанада Есіл өзені арқылы өтетін Арыс көпірінде қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, бұл аумақта орташа жөндеу жұмыстары басталады.

Жөндеу кезінде көліктер үшін қозғалыс екі бағытта да, бірақ тек көпірдің бір жағымен кезекпен ұйымдастырылады.

Қала билігі жол қозғалысына қатысушыларды бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертті.

– Қозғалыс қауіпсіздігі мен жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін уақытша белгілер мен көрсеткіштер орнатылады, – деді басқарма өкілдері.