Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 700-ге жуық ұландық әскери ант қабылдады

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2025
  • 96
Фото: Ұлттық ұлан

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде көктемгі шақырылыммен келген жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

700-ге жуық ұландық Отан алдындағы қасиетті борышын атқаруға салтанатты түрде кірісті.

Елдің әр түкпірінен жиналған олар жауынгерлік дайындық курсынан өтіп, бір сапта туған елінің толыққанды қорғанына айналды.

Жүрек тебірентерлік ерекше күнде 2000-нан астам адам - ата-аналар, туған-туысқандар мен ардагерлер жас сарбаздарға қолдау білдіріп, ортақ қуанышқа куә болды. Сарбаздар үшін бұл - азаматтық өмірге алғашқы үлкен қадам, жауапкершілік пен мақтаныштың белгісі болды.

Сапта тұрған жауынгерлерге ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков жүрекжарды тілегін арнады.

Бүгінгі күн - маңызды әрі есте қаларлық сәт. Бүгіннен бастап сіздер қоғамдық тәртіптің сенімді қалқаны боласыздар. Әрдайым тәртіпке берік, рухы мықты, ел қорғауға дайын жауынгер болыңыздар! Командирлеріңіз, ата-аналарыңыз бен бауырларыңыз және барша халық сіздерге зор сенім артады. Бір жылдың ішінде әскери өмірдің мектебінен өтіп, елге абыройлы азамат ретінде оралады деп сенемін. Мақтанышпен қызмет етіңіздер! Әр күніңіз сіздерді нағыз Отан қорғаушысы деген мәртебеге жақындата түссін!, - деді бас қолбасшы.