Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда әйел адам Каспий теңізіне батып кете жаздады

  • AstanaTV
  • 06 шілде 2025
  • 127
Фото: скриншот

Ақтау қаласының Каспий жағалауында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары дер кезінде әрекет етіп, SUP тақтасында сырғанаған әйел адамды құтқарып қалды. Оқиға үгіт-насихат шарасы кезінде болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1984 жылы туған әйел адам SUP тақтасымен сырғанап жүрген. Алайда желдің екпіні оны жағадан алысқа алып кеткен. Құтқарушылар бұл жағдайды байқап, жедел әрекет етіп, әйелді аман алып шықты. Медициналық көмекті қажет еткен жоқ.