Русский Сайттың толық нұсқасы

Махмұд Сабырхан чемпионы атанды

  • AstanaTV
  • 06 шілде 2025
  • 100

Қазақстан құрамасының өкілі Махмұд Сабырхан бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының чемпионы атанды.

Махмұд 55 келіге дейінгі салмақтың финалында Жапония өкілі Руи Ямагучимен қолғап түйістіретін еді.

Алайда, жапониялық боксшы шаршы алаңға шығудан бас тартты.

Осылайша, Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) Қазақстан үшін Әлем кубогының екінші алтын медалін жеңіп алды.