Бокстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Нұрбек Оралбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің күміс медальға ие болды.
Қазақстандық былғары қолғап шебері 80 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Йожерлен Цезарьмен (Франция) шеберлік байқасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша франциялық боксшы басым түсті.
Осылайша, Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы күміс медальді салды.