Алматы облысында баланы көлікпен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған экс-полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
4 шілде күні Алматы облысының Көкөзек ауылында Lexus RX 300 автокөлігінің жүргізушісі велосипетпен келе жатқан алты жастағы баланы қағып кеткен. Кейіннен балаға көмектеспей, оқиға орнынан кетіп қалған.
– 6 шілдеде көлік жүргізген 42 жастағы ер адам ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады облыстық полиция.
Полиция дерегінше, күдікті бұрын полиция қызметкері болған. Бірақ жұмыстан шығарылған.