Русский Сайттың толық нұсқасы

Аягөзде бес жасар қыз алюминий бөшкеге кіріп, шыға алмай қалған

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2025
  • 112
Фото: ТЖМ

Абай облысы Аягөз қаласында бес жасар қыз ойнап жүріп, алюминий бөшкеге кіріп, қайта шыға алмай қалған. Бұл оқиға 7 шілде күні жеке тұрғын үй ауласында болған. Ата-анасы қызын өз бетімен шығара алмай, төтенше жағдай қызметіне хабарласқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бала алюминий флягаға ойнап жүріп кіріп кеткен. Ата-анасы дереу құтқарушыларға хабарласып, көмек сұрады», – делінген ТЖМ-нің «112» Telegram-арнасында.