Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында АИТВ жұқтырған ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлаған

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2025
  • 101
Фото: Pixabay.com

Қостанай облысында АИТВ (Адам иммун тапшылығы вирусы) жұқтырған ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлағаны үшін өмір бойына сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Оқиға Қостанай облысындағы аудандардың бірінде болған. Мұны облыстық соттың баспасөз қызметі растады.

— Өгей әке қыздың анасын үйде жоқ кезде 13 жастағы қызды зорлаған. Ол АИТВ инфекциясын жұқтырған адам болған. Абырой болғанда, қыздың денсаулығына зиян келмеді, ауру жұқпаған, — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс жабық режимде қаралған. Ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.