Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық жоба Женевадағы халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2025
  • 125
Фото: Facebook/kairat_torebayev

7 шілде күні Женевада өткен әлемдік цифрлық саммитте – WSIS+20 форумының аясында Қазақстанның жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауында бірінші орын алды, деп хабарлайды Astana TV.

Бүкіләлемдік дауыс беру нәтижесінде «Ситуациялық-аналитикалық кешен» (САК) жобасы өз номинациясында үздік деп танылды.

Награданы Халықаралық электр байланысы одағының (МСЭ) басшысы Дорин Богдан-Мартин өзі табыстады. Салтанатты рәсімге түрлі елдер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жобаның артында техникалық сараптама, көпжылдық жүйелі еңбек және заманауи басқару мәдениеті тұр. Команданы Рустам Қожасбаев пен оның әріптестері WSIS сахнасынан құттықтады.